СУ КӨЛІГІН САҚТАНДЫРУ
Су көлігін кешенді сақтандыруды ұсынамыз. Өтеу шарттарына су көлігінің корпусын сақтандыру, сонымен қатар, үшінші тұлғаларға зиян келтіру бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жатады.
Су көлігін сақтандыру Сізге мүліктік мүдделеріңізді кешенді қорғауды қамтамасыз етеді және су көлігіне зиян келген, істен шыққан немесе ұрланған жағдайда өтемақы алуға, мүліктік зиян және/немесе өміріне, денсаулығына зиян келумен байланысты үшінші тұлғалардың арыздарымен байланысты артық шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.
СІЗГЕ СУ КӨЛІГІН САҚТАНДЫРУ КЕЛІСІМІ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ
- Кеме жартылай істен шыққан немесе жоғалған жағдайда кепілді өтем алу үшін
- Үшінші тұлғаларға зиян келтірген жағдайда өз қалтамнан төлемеу үшін
СІЗДІҢ СУ КӨЛІГІН САҚТАНДЫРУ ШАРТЫҢЫЗ ҚАНША ТҰРАДЫ
Шарт құны бірнеше факторларға тәуелді болады:
- Су көлігі құны;
- Су көлігін пайдалану орны (өзен, теңіз);
- Жүргізілген жөндеу жұмыстарының саны және күндері;
- Су көлігінің шыққан жылы;
- Сұралатын өтеу лимиттері;
- Жүзу аумағы және т.б.
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін біздің менеджерлерімізге хабарласыңыз. Біз сіздерге қуана көмектесеміз.