Су көлігі иегерлерін АҚЖ сақтандыру
Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру Сіздің мүліктік мүдедлеріңізді қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Су көлігін пайдалану барысында үшінші тұлғаларға келтірілген зиян оның жеке құнынан айтарлықтай артық болуы да мүмкін. «Қазақмыс» СК» АҚ бұл жауапкершілікті өз мойнына алады.
Сізге сақтандыру келісімі не ҮШІН ҚАЖЕТ
Үшінші тұлғаларға зиян келтіру барысында болжанбаған қаржылық шығындарды болдырмау үшін.
СІЗДІҢ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫҢЫЗ ҚАНША ТҰРАДЫ
Шарт құны бірнеше факторларға тәуелді болады:
- Шығындар санағы
- Сақтандыру аумағы;
- Сақтандыру мерзімі;
- Сақтандыру сомасы.
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін біздің менеджерлерімізге хабарласыңыз. Біз сіздерге қуана көмектесеміз.