Fitch «Қазақмыс» СК-ның рейтингін «BB» көтерді, болжам – «Тұрақты»
Fitch біздің компаниямыздың рейтингін «BB» - ге, ұлттық шкала бойынша «A(kaz)» - ге дейін көтергенін хабарлауға қуаныштымыз. Болжам – «Тұрақты»
Рейтингтің өсуі рентабельді өнімдердің, банк сақтандыруы мен жеке түрлерінің сату көлемінің жоғарлауы, корпоративтік сегменттегі сыйлықақының жалпы өсуі, сондай-ақ сапалы инвестициялық портфель есебінен болды. Осы факторлардың жиынтығы компанияның мықты қаржылық жағдайын растап, компанияның рейтингі бір сатыға көтерілуіне себеп болды.
Клиенттеріміздің сенімі біздің бизнесімізді одан әрі дамытудың негізгі факторы болып табылады және біз бірлескен күш-жігермен одан да әсерлі нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз!